Қазақстан әскері Отан қорғаушылармен толығуда. Еліміздің әр өңірінен келген 2500-ге жуық борышкер «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге аттанды. Олар айдың соңында Отан алдында салтанатты түрде ант береді. Бұл сәт әр сарбаздың жадында мәңгілікке сақталмақ. Әскери қызметтің беделін арттыру, нағыз патриоттар мен кәсіби мамандарды тәрбиелеу — бүгінгі қазақ әскерінің басты басымдығы. Жаңа толысқан сап — соның жарқын дәлелі.
Ақпараттық порталы

