9 Май 2026, Сб

АЙМАҚТА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ САҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы Қызылорда облысы бойынша департаменті 2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялады. Брифинг барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері таныстырылды. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалады.