Қызылорда облысында білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Өңірде білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиын барысында білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету, педагогтердің құқықтарын қорғау және білім сапасын арттыру мәселелері кеңінен қаралды.

