Жалағаш ауданында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Аудан орталығында ұйымдастырылған шарада тұрғындардың талап-тілектері тыңдалып, түрлі сала мамандары нақты кеңестерін берді. Қабылдауға партия өкілдері, аудан әкімдігі, басқарма мамандары, заңгерлер мен қаржы сарапшылары қатысты.

