Нәзіктік, парасаттылық және салт-дәстүрге адалдық. Бүгін «Баласағун» орталық концерт залының сахнасында қазақ халқының ғасырлық дәстүрімен ұштасқан «Әулиеата аруы — 2026» облыстық қыздар байқауы өтті. Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен бұл шара тек сұлулық жарысы ғана емес. Ол — қазақ қызының нағыз келбеті имандылық, даналық және өз түп-тамырын қадірлеу екенін еске салатын тәрбиелік маңызы зор іс-шара.

