9 Май 2026, Сб

«МӘРТЕБЕ» МЕКТЕБІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Тараз қаласындағы «Мәртебе Тараз» жеке мектеп-гимназиясында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ата-аналар мен қала тұрғындары білім ордасының заманауи мүмкіндіктерімен танысып, оқушылардың жетістіктерін көзбен көрді. Ашық форматтағы бұл кездесу мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтуды көздейді.