9 Май 2026, Сб

«КІТАПХАНА ТҮНІ – 2026» АКЦИЯСЫ

Қызылордада Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай ерекше форматтағы шара өтті. Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапхана түні – 2026» акциясы ұйымдастырылып, оқырмандарға рухани әрі танымдық кеш сыйлады.