9 Май 2026, Сб

МӘДЕНИ МҰРА – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштер күніне орай Сыр өңірінде ауқымды шаралар өтті. «Мәдени мұраны бірге сақтайық» және «Мәдени мұра – ұрпаққа аманат» атты акциялар аясында өңір тұрғындары тарихи орындарды тазалап, ұлттық құндылықтарды ұлықтады. Негізгі мақсат – мәдени мұра нысандарын сақтау, оларды насихаттау және қоғамның жауапкершілігін арттыру.