21 Апр 2026, Вт

ОҚУШЫҒА ҚАТЫСТЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

Тараз қаласында тоғызыншы сынып оқушысының соққыға жығылғаны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың бірқатары шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Жамбыл облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Дәурен Бағжановтың айтуынша, қыз бала реанимацияға түсті деген мәлімет те, оған жеті адам шабуыл жасап, кастет қолданды деген ақпарат та расталмаған.