Таразда жастар бас қосқан әсерлі кеш өтті! Қаладағы «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінде Жаңа Конституция жобасы аясында мерекелік LIVE-концерт ұйымдастырылды. Өңірлік «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының қолдауымен өткен мәдени шараға шамамен 5 мыңға жуық жас жиналды. Кештің басты мақсаты — жастардың белсенділігін арттырып, елдегі саяси жаңғыру үдерістеріне назар аударту.

