Бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасына арналған республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті. Шерхан Мұртаза атындағы орталықта бас қосқан жас таланттар ұлы ойшылдың өлеңдерін жатқа айтып, өзара бақ сынасты. Рухани шараның мақсаты — жас ұрпақтың бойына адами құндылықтарды сіңіру және ақын шығармашылығын дәріптеу.

