Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет режиміне көшірілді. Қалың қар жауып, боран тұруы салдарынан көріну қашықтығының шектелуі автомобиль жолдарының кейбір учаскелерінде уақытша шектеулер енгізуге себеп болды. Өңір жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы шамамен 100 полиция қызметкері мен 37 патрульдік экипаж жұмыс істеді. Жолдарда көліктердің көп жиналуына байланысты полицейлер көлік құралдары тобының алдында жол бастап жүргізуді ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

