21 Апр 2026, Вт

ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІНІҢ ҚАҺАРМАНЫ

Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің рухты қаһарманы, Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың туғанына 60 жыл толуына орай «Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы» атты портрет кеші ұйымдастырылды. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мұрындық болуымен өткен шара жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятуды көздейді.