21 Апр 2026, Вт

ТАРАЗДЫҚ ЕРІКТІЛЕРДІҢ ҮЗДІК ЖОБАСЫ

Елордада «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асып келе жатқан бұл ауқымды жоба биыл еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген отыз үздік жобаны біріктірді. Әр жеңімпаз өз идеясын жүзеге асыру үшін 3 миллион теңге көлемінде грант иеленді.