«Бақытты болашақ» оқушылар сарайында «Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік» атты ауқымды облыстық ата-аналар форумы өтті. Кездесудің негізгі өзегі – бала қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық мәдениетті нығайту мәселелері болды. Форумға тек ұстаздар мен ата-аналар ғана емес, бала құқығын заңнамалық деңгейде қорғайтын жауапты тұлғалар, сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, облыс басшылығы, прокуратура және полиция департаментінің өкілдері қатысты.

