Әйел бақыты – қоғамның тұрақтылығы. Алайда, тағдырдың тауқыметіне түсіп, жақынынан жәбір көрген жандар үшін өмірдің мәні жоғалғандай көрінетіні жасырын емес. Осындай қиын сәтте қол ұшын созып, үміт отын жағатын орын – Дағдарыс орталығы. Мұнда келетін әрбір әйел тек баспана емес, ең алдымен жоғалған сенімін қайта табады. Мамандардың кешенді қолдауы мен психологиялық жәрдемі нәтижесінде нәзік жандылар қиындықтан шығудың жолын үйреніп, жаңа өмірге қадам басуда.

