18 Апр 2026, Сб

РУХАНИ ҚАЗЫНА — ҰЛТТЫҚ МҰРА

Бір қолында — скальпель, бір қолында — қалам. Тән жарасын медицинамен, жан жарасын сөз өнерімен емдеген бірегей тұлға — Зейін Шашкин. Өндірістің дүбірі мен ақ халаттылардың арпалысын қазақ прозасына соны соқпақ болып енгізген қаламгердің мұрасы бүгін Әулиеата төрінде қайта жаңғырды. Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың алтын қоры жазушының сарғайған парақтарымен қайта тыныстап жатқандай.