Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл – экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің негізгі факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін арттыруға бағытталған стратегиялық қадам. Аталған шешім елдің тұрақты дамуы мен инновациялық өсімін қамтамасыз етуде білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығын айқындайды.

