Жамбыл аудандық психологиялық-педагогикалық түзету орталығында ерекше балаларға арналған маңызды жоба өз нәтижесін беріп келеді. Өткен жылы жаңа жыл мерекесіне орай орталыққа демеушілік есебінен «TOMATIS» аппараты сыйға берілген болатын. Бүгінде сол аппарат көп балаға үлкен қолдау болып келеді.

