Түркістанда инклюзивті бағыттағы арнайы «Дара ұрпақ» театры ашылды. Ашылу салтанатына ерекше мүмкіндіктері бар азаматтар қатысып, театр сахнасында жаңа мюзиклдің премьерасы көрсетілді. Бұл театр жасөспірімдер мен балаларға ерекше мүмкіндіктерді дамытуға арналған жаңа мәдени алаң болып саналады.
