Шамшиддин Айметов — еңбектің қадірін балалық шағынан сезініп өскен, ісіне адалдығын айнымай сақтай білген түркістандық кәсіпкер. Ол алғаш жеке кәсібін бастағанда қолында үлкен қаражат та, дайын цех та болған жоқ. Алайда оның бойындағы табандылық, ісіне деген шынайы сүйіспеншілік пен адал еңбекке деген сенім оны алға жетеледі.
