20 Апр 2026, Пн

ТҮРКІСТАНДА АТА АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ТӘРБИЕ ЖӨНІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Түркістан қаласында «Бақытты балалық шақ» атты қалалық жиын өтті. Іс-шарада балалардың тәрбиесі, олардың жарқын болашағы және ұлттық тәрбиенің маңызы кеңінен сөз болды. Жиын барысында өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі, отбасындағы тәлім-тәрбие мен көне өнегенің мәні ерекше атап өтілді.