20 Апр 2026, Пн

ӨҢІР БАСШЫСЫ ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің білім саласында үздік нәтиже көрсеткен педагогтармен кездесті. Аймақ басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен және мемлекеттік марапаттарымен құттықтап, олардың қоғам дамуына қосқан еңбегін жоғары бағалады. Айта кету керек, биыл Жамбылда «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленгендер саны артқан.