№66 орта мектепте оқушылардың медиа сауаттылығын дамытуға бағытталған «МЕКТЕПLIFE» медиа жобасының ашылуы өтті. Шара «Адал азамат» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық қабілетін, ақпаратты талдау және медиа кеңістікте еркін жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Жоба аясында оқушыларға репортаж жасау, бейнеролик түсіру, мәтін дайындау, подкаст жүргізу, зерттеу жасау сияқты кәсіби бағыттарды меңгеруге мүмкіндік беріледі.

