20 Апр 2026, Пн

«ОҢТҮСТІК» ӨҚ ЖАҢА ОҚУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Желтоқсанның алғашқы аптасы Қазақстан Қарулы Күштері үшін әскер бөлімдерін жоғары деңгейдегі жауынге рлік дайындыққа келтірумен басталды. Таңсәріде, қазақстандықтардың басым бөлігі әлі ұйықтап жатқан кезде, әскери қызметшілер күн сайын оқу дабылын қабылдады. Осылайша Қарулы Күштерде, оның ішінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде жаңа оқу кезеңі басталып, оның аясында кешенді тактикалық жаттығулар өтуде.