Қордай ауданында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» республикалық акциясы аясында «Отбасын аялайық» атты семинар өтті. Акция жыл сайын 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында өткізіліп, қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алу, жәбірленушілерді қолдау және құқықтық-психологиялық сауаттылықты арттыруды көздейді.

