15 Ноя 2026, Вс

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ

https://www.instagram.com/reel/DR1trSGDaWw/?igsh=MWU3MzdsaG1ua2tiMg==

Облыс әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысын түсіндіруге арналған актив отырысы өтті.

Маңызды жиында өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Дүйсенғали Бықыбаев, білім саласының ардагері Дәмеш Ускумбаева және Жуалы ауданы, Қарасаз ауылдық округінің әкімі Жанар Нұрмұратқызы сөз алды.

Кеңесші өз сөзінде қоғамдағы заң мен тәртіпті нығайтудың стратегиялық мәніне тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуі елдің тұрақты дамуы үшін шешуші фактор екенін атап өтті.