Түркістан қаласының тұрғыны, ІІІ топтағы мүгедек Ислам Аликулов әлеуметтік грант арқылы өз кәсібін ашты. Ол Мансап орталығының қолдауымен арнайы бағдарламаға қатысып, комиссияның оң шешімімен грант иегері атанған. Грант қаражатына ол өз үйінің гаражында шағын көлік жөндеу шеберханасын іске қосты. Жастайынан әкесінен үйренген кәсіп бүгінде оның күнкөрісіне айналып отыр.
