Түркістан өңірінде жаңа бизнес-идеяларды қолдауға арналған мемлекеттік гранттарды қабылдау жұмысы басталды. 2025 жылдың 20 қазанынан бастап Business.enbek порталында өтінім толтыру мүмкіндігі ашылып, аймақта кәсіп ашамын деген азаматтарға зор мүмкіндік ұсынылып отыр. Гранттар қайтарымсыз негізде беріліп, бастамашыл жандарға өз ісін жолға қоюға қолдау көрсетеді. Бағдарлама әсіресе әлеуметтік санаттағы азаматтарға бағытталған.
