Бірер күн бұрын«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Луговое гарнизонындағы мерзімді қызметтің жас сарбаздары әскери ант қабылдады. Салтанатты рәсімге ұлдарына арнайы келген ата-аналар үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың күтпеген жерден келуі ерекше тосынсый болды. Ведомство басшысы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы әскери бөлімге алдын ала ескертусіз барды.

