20 Апр 2026, Пн

«ҮЗДІК САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР» МАРАПАТТАЛДЫ

Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы кәсіпкерлердің еңбегін айрықша атап өту мақсатында бүгін 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік салық төлеуші» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» деп танылған, адал да жауапты кәсіпкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, сала мамандары және өңірдің ірі кәсіпорын жетекшілері қатысты.