Жамбыл спортында жаңа тарих жазылды. Тараз қаласы XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды. Спортшылардың ұлы жеңісіне арналған мерекелік кеш Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» спорт кешенінде өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық спорт басқармасының басшылары, сондай-ақ, көптеген спорт сүйер қауым қатысты.

