Жамбыл ауданындағы шаруақожалықтардың бірінде екі күн бұрын қойшы 700 қойымен бірге құмды аумақта адасып кеткен. Хабарлама түскен сәтте жедел түрде оқиға орнына шыққан полиция қызметкерлері жіті іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицияның жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде 24 сағатқа жетпей аудан орталығынан 200 шақырым жерде қойшы да, оның малдары да аман-есен табылды.

