20 Апр 2026, Пн

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ӨЗЕГІ

Жастарды адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу – білім беру саласының басты міндеті. Осы мақсатта №66 орта мектепте «Адал азамат: құндылық, инновация, тәжірибе» тақырыбында облыстық форум өтті. Форумға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстың білім бөлімдерінің басшылары мен педагогтік ұжымдарды қоса алғанда 150-ге жуық маман қатысты.