Таразда Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, комиссия мүшелері, салалық басқармалар және құқық қорғау құрылымдарының өкілдері қатысты. Комиссияның күн тәртібінде облыста өрт және улы газдан улану жағдайларының алдын алу шаралары, балалардың құқықтарын қорғау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі талқыланды.

