20 Апр 2026, Пн

СТУДЕНТТЕР КИБЕРҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕНУДЕ

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған маңызды оқыту семинары өтті. Шара барысында студенттерге жеке деректерін қалай қорғау керектігі, қаржылық алаяқтықты қалай тануға болатыны және жаңа қауіп – дипфейктерге қалай қарсы тұру керектігі айтылды.