21 Апр 2026, Вт

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі елшісі Хань Чуньлиньмен ресми кездесу өткізді. Тараптар экономикалық, инвестициялық және өңіраралық серіктестікті нығайту бағыттарын талқылады. Көшеров екі ел басшылары жариялаған «Жаңа алтын 30 жылдық» аясында өңірлер арасындағы байланыс күшейіп, жаңа жобаларға кең мүмкіндік ашылғанын атап өтті.