Түркістан облысының Сайрам ауданына қарасты Көлкент елді мекені табиғи газға қосылды. Жаңа инфрақұрылымдық нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарды көптен күткен қуанышымен құттықтады. Әкімнің айтуынша, бұл жоба — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аймақтарды дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асырудың нақты нәтижесі.
