Резервтегі әскери қызмет – енді заң жолдарындағы жазба ғана емес. Қазақстанда ол шынайы жүзеге аса бастады. Таразда әскери резервист болуға ниет білдірген алғашқы үміткерлер пайда болды. Мұндай нәтижеге жергілікті әскери басқару органдары мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы штабы офицерлерінің түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуінің арқасында қол жеткізілді. Жуырда Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында резервтегі әскери қызметке үміткерлермен кездесу өтті.

