Қызылорда облыстық мәслихатының Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, депутат Бауыржан Сандыбаев, комиссия мүшелері депутаттар Жорабек Нұрымбетов, Қанағат Сақтағанов, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары Мәди Әліп және тиісті мамандармен бірге Қызылорда қаласында бой көтеріп жатқан әлеуметтік маңызы жоғары нысандардың құрылыс барысымен танысты.

