21 Апр 2026, Вт

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ:  ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ДАМУДЫҢ ЖАҢА ҚАРҚЫНЫ

Күні кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Жамбыл ауданындағы атқарылған жұмыстар мен даму көрсеткіштеріне арналған брифинг өтті. Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы негізгі салалар бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндай отырып, есепті кезеңде ауданда ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және әлеуметтік салаларда айтарлықтай өсім байқалғанын атап өтті.