Таразда «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Шараға фракция депутаттары, облыс әкімдігіне қарасты басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, сондай-ақ Әйелдер қанатының өңірлік және аудандық үйлестірушілері қатысты

