Күні кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Жамбыл ауданындағы атқарылған жұмыстар мен даму көрсеткіштеріне арналған брифинг өтті. Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы негізгі салалар бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндай отырып, есепті кезеңде ауданда ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және әлеуметтік салаларда айтарлықтай өсім байқалғанын атап өтті.

