21 Апр 2026, Вт

ЖАМБЫЛДА ӘЙЕЛДЕР БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Таразда «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Шараға фракция депутаттары, облыс әкімдігіне қарасты басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, сондай-ақ Әйелдер қанатының өңірлік және аудандық үйлестірушілері қатысты