21 Апр 2026, Вт

ЖАСТАРҒА КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ПЕН ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ШАРА ӨТТІ

Болашақ колледжінде жастар арасында құқықбұзушылықтың, интернет алаяқтықтың және есірткі қылмысының алдын алуға арналған кездесу өтті. Шараны Түркістан қаласы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Кездесуде қала прокуратурасының өкілдері мен облыстық және қалалық ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТ мамандары интернеттегі алаяқтық, кибербуллингтің зардаптары және есірткінің жасырын таралу тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.