Кентау қаласында талантымен жұртты тәнті еткен ерекше жан бар. Ол — 66 жастағы Қайназар Айдарбеков, тағдырдың сынағына мойымаған зағип азамат. Өмірдің ауыртпалығына бой алдырмай, баянда өнерін серік еткен ол елге үлгі боларлық парасат иесі. Оның күйі мен жыры талай жүрекке үміт шуағын себеді.
