Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы тарихи «Айтбай» мешіті туралы деректі фильм түсіріліп, кітап жарық көрді. «Айтбай» мешіті: аңыз бен ақиқат» деп аталатын төл туындының тұсаукесер рәсімі Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениеті үйінде өтті.

