20 Апр 2026, Пн

ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Қызылорда облысына Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Бауыржан Серікбайұлы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында спорт инфрақұрылымын дамыту, цифрландыру және саладағы жаңа реформа бағыттары талқыланды.