Күні кеше Таразда мұғалімдермен білім беруге жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу бойынша ақпараттық кездесу өтті. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЖИ-ді мектеп жүйесіне енгізу туралы Жолдау тапсырмасынан туындап отыр. Осы мақсатта «AMANAT» партиясы мен ҚР Оқу-ағарту министрлігі бірлесіп, «Ustazga AI» жобасын іске қосты.

