21 Апр 2026, Вт

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӘК ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жамбыл облысының «Тараз» индустриялық аймағында жылына 70 мың тонна жоғары сапалы күйдірілген әк өндіретін зауыт ашылды. Салтанатты іске қосу рәсіміне өңір басшысы Ербол Қарашөкеев, «Жамбыл Invest: жаңа жобалар – жаңа жұмыс орындары» республикалық баспасөз турына келген журналистер және жергілікті тұрғындар қатысты.